Астана қаласында маса мен шіркей қаптады

Астанада маса маусымы басталды. Күн жылынған бойда зиянды қанаттылар қаптады. Жұрттың мазасын қашырған маса мен шіркейді әлсін-әлсін улағанымен азаяр емес. Қазір әлеуметтік желіде астаналықтар шағымдарын айтып, әкімдіктен зиянкестерді улау жұмыстарын талап етуде. Жаз басталысымен елордалықтар көшеге шығудан қалады. Демалыс орындарында емін-еркін қыдыру мүмкін емес. Маса мен шіркей ызыңы тұрғындардың мазасын ап барады.- Астанада биыл маса шіркей көп себебі жаңбыр көп! Соны улайтын мекеме неге тып-тыныш отыр екен? Үйдің көлеңкелеу ық жағы Есілдің бойы набережка дейміз маса шіркейге тұнып тұр! Әсіресе мына Рыскелді қажы мешіті жақ! - Тұран және Барыс Арена жақ тіпті қорқынышты. Көшеде жүру мүмкін емес. - Түнде қонған масалар таңертең дәл сол жерде тұрады. - Үйлер батпақтың үстіне салынған. Айналасы көлдер мен қамыс болғандықтан не күтуге болады. Әрине маса көп болады. Қалада көлдің көп болуынан масаның да жаудай болуы заңдылық дейді мамандар. Оның бір аналығы 200-300 мыңға дейін дернәсіл шығарады. Сондай-ақ ол ылғалды ауа райында бірнеше жылға дейін сақталады екен. Сондай-ақ шөп пен жарыққа да үймелейді, дейді мамандар. Ануарбек СИБАТАЕВ,  БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:Қандай маса болсын, шыбын-шіркей болсын свет жаққан соң, сол светке көп ұшып келеді. Сол жағынан оны да айтуға болады. Көбелек болсын түнде жарық жағып қойса, оған ұшып келеді. Қазір елордада маса мен шіркейге қарсы улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 10 бригада, яғни 100-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Үндістандық және ресейлік екі препарат қолдануда. Азамат ЖАНАТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:Ең бастысы су қоймаларынан бастаймыз. Яғни дернәсілдерді зерттеу жұмыстары басталады. Одан кейін ашық стацияларға шығамыз. Ашық стациялар дегеніміз қала бойынша парктар, скверлер және массивтар. Өңдеу жұмыстары бүкіл Астана қаласын қамтиды. Тұрғындардың дегбірін қашырған зиянкестерге қарсы улау жұмыстары 20-сәуірде басталған. Қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Щучинскте монша өртенді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды