Астана қаласында перзентхана жетіспейді

Астанада перзентхана жетіспейді. Мегаполисте небәрі 3 перинаталдық орталық бар. Әу баста 130 орынға лайықталған босандыру ұйымында қазір бір мезетте 200-ден астам келіншек сыйысып жатуға мәжбүр. Жауаптылар мәселені шешеміз дейді, қалай? Әріптесім Ақбота Базарбай тарқатып айтады. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Қазір қалалық перинаталдық орталықта 202 әйел ем алып жатыр. Қазірге дейін шамамен 120 нәресте дүниеге келген. Күніне дәрігерлер 30-ға жуық нәрестенің өмірге келуіне көмектеседі.  Астанада 130 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық 2009 жылы пайдалануға берілді. Бұл-25 жылда салынған жалғыз босандыру нысаны. Халық санының өсуіне байланысты орталық кеңейтілудің орнына, нығыздау арқылы 335-тен 550 төсекке жеткен. Ал акушерлік төсектер шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр. Сергей ЛИ, ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Күніне орта есеппен 25 әйелді босандырамыз. 1 күнде 6 операцияға дейін жасайтын кездер болады. 1 ғана орталыққа бұл көрсеткіш, әрине, жақсы. Мамандарға салмақ түседі, соған қарамастан өз міндеттерін жақсы атқарып келеді. Көбіне шет аймақтардан босану үшін ғана келетін келіншек көп көрінеді. Ай-күні таяғанда оларды кері қайтара алмаймыз. Амал жоқ қабылдауға мәжбүрміз дейді дәрігерлер. Сәуле АМАНБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Сырттан келетіндер өте көп. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, қай қаладан келсе де, тіпті шетелден келген болса да біз оларды қабылдамай қоюға құқығымыз жоқ. Біз қабылдаймыз, көмек көрсетеміз. Өкінішке орай, көп жағдайда келіншектер тексерулерден өтпей, емді уақытылы қабылдамай, тіпті тіркеуге тұрмай келеді. Ол кезде барлығы өте шұғыл түрде жасалады. Мәселені Денсаулық сақтау министрлігі шешуге тырысуда. 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЛОРДАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ бойынша бірнеше босану нысанын салу жоспарда бар.  «2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЛОРДАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ» Алматы ауданы Абылай хан даңғылы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында перинаталдық орталық салу, Сарыарқа ауданы Ш. Қосшығұлұлы көшесінде 200 төсектік акушерлік блок салу, "Самұрық-Қазына" қаражаты есебінен 2027 жылы № 2 Қалалық көпбейінді аурухананың акушерлік және негізгі блоктары арасында қабылдау-диагностикалық кешенін салу жоспарда бар.  Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 200 мыңға жуық бала дүниеге келген. Оның 98 мыңы - ұл болса, 92 мыңы – қыз бала.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді