Астанада 6 маусым күні Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің Zakon.kz сайтына хабарлауынша, өрт сөндірушілер жоғары дәрежелік шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр.Елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 11:56-да аттанды. "Өрт сөндірушілер 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр",- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.Ведомствоның мәлімдеуінше, желдетілмейтін паркингтегі түтін арнайы машинаның көмегімен шығарылып жатыр.