Астана көркейеді, жаңа үйлер салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

Астана көркейе түспек. Бас қалада жаңа үйлер салынып жатыр, абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ. Бұл жұмыстар 2035 жылға дейін жоспарланып отыр. Елорданы дамытудың бас жоспары талқылауға шығарылды. Мамандар көзделген шараларды айтса, тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Астананың бас жоспарын талқылауға сәулетшілер, құрылысшылар, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары жиналды. Онда елордада жанадан бой көтеретін нысандар, абаттандыру шаралары талқыланды. Қалада 8 мың гектар жерде құрылыс жүріп жатыр. Рүстем ЖАҚЫПОВ, "АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ" ҒЗЖИ ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Қазір қала Мыңжылдық аудан жақтар игеріліп жатыр. Және Тұран бой жағындағы батыс жағы Тұранның Сапиго деп аталады үшінші район сол жақтарда игеріліп жатыр. Қаланың шегерасы үлкейіп жатқан жоқ. Сол көлемде қалды. Бірақ сол құрылыс халық санының көбеюіне байланысты және де актуалды үш районда дамуына байланысты көлемі кішкене үлкейіп жатыр. Бас қаланы көркейтуге тұрғындар да атсалысуда. Оралбек Өтеғұлов алқалы жер асты метросын салуды ұсынды. Айтуынша, бұл пікірді ешкім құптамаған. Сондай-ақ, ол мегаполисте ескі үйлердің көп екенін айтып, оларды бұзып орнына жаңа заманауи баспаналар салу керек дейді. Оралбек ӨТЕҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сүріліп тасталатын үйлер аз екен. Яғни бас жоспарды 2035 ке дейін деп жасайды да, ал көптеген үйлерді 2050 жылға қарай сырып тастайды. Қаланың сәнің құртып тұрған үйлерді сүріп тастау керек еді. Жаңа құрылыс салу керек еді орнына. Айта кетейік, қалада абаттандыру жұмыстарына да ерекше назар аударылады. Ағаштарды отырғызу технологиясы Германия, Норвегия және Швеция тәжірибесіне негізделген еуропалық технологиялар бойынша жүргізілмек. Данияр ШЫҢДАЛИЕВ, УРБАНИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл схема сонымен қатар көшелерді, тротуарларды, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық кеңістіктерді трендтер бойынша дамытуды көрсетеді, әрине, шетелдік тәжірибе. Біз Мәңгілік ел, Сығанақ, Бейбітшілік секілді ірі көшелер көбірек ағаш егуді жоспарлап отырмыз. Желтоқсан, Бұқарбай батыр көшелері де қамтылады. Бас жоспарды талқылау 25 тамызда аяқталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр