2 қаңтарда Щучье-Астана тас жолының Жасыл ауылы маңында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бурабай ауданының Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап.Апат ауа райының қолайсыздығы мен нашар көрінуі салдарынан орын алған. Салдарынан 15 көлік зардап шекті. Бір адам ми жарақатын алған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына эвакуацияланды.Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.