Қазақ радиосына 103 жыл. Осыған орай Астана медициналық университетінде мерекелік шара өтті. Онда студенттер мен ұстаздар қойылым қойып, көрермен ықыласына бөленді. Онда қазақ халқының талайлы тағдыры бейнеленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қойылымға биология және технология кафедрасы ерекше атсалысқан. Осындай шаралар арқылы жастардың ауызбіршілігін арттыру, оларды үлкенге құрмет көрсетуге, тарихты бағалауға шақыру мақсатымыз дейді ұйымдастырушылар. Пернегүл ҚОЖАТОВА, АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бұлардың тәрбие жағымен байланысты. Болашақта өзінің ата-анасын немесе ата-әжелерін қарттар үйіңе тапсырып тастамасын деген мақсатпен. Жанағы өздерінің балаларын жетімдер үйіңе тапсырмасын деген осы тақырыпта осы мәселені көтеріп жатырмыз.