Астанада мектептерде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. Кеше әлдебір Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы ескерту айтылды.«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі.