Астана полицейлері 35 жастағы есірткі сатушы әйелді ұстады

Астана полицейлері есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды  Астана арнасы Polisia.kz сілтеме жасап. Елордалық полицейлер елордаға синтетикалық есірткі заттарын жеткізу арналарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мәселен, Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Момышұлы көшесінде есірткі қойып кетті деген күдікпен 33 жастағы әйелді ұстады. Ол өзінің “тауарын” клиенттерімен кездеспей, адамдар көп жиналатын жерлерде, алаңдарда құпия орынға жасыру арқылы сатқаны анықталды. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жасырын орындарды орнатты, олардан есірткі салынған түйіншектер алынды. Жеке тінту барысында әйелден есірткі заты салынған 45 түйіншек табылып, тәркіленді. Бұдан әрі, тұрғылықты жері бойынша тінту барысында одан есірткіге шығу тегі ұқсас заттар салынған полиэтилен пакеттер алынды, сондай-ақ таразы тәркіленді. Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 730 грамнан асты, бұл есірткі тұтынушыларға жетпей қалған 1500 бір реттік дозаға сәйкес келеді. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер қылмысқа қатысушыларды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін