Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде елордалық «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Елордалық команда 13-турдың кейінге қалдырылған ойынында Ақтауда жергілікті «Каспиймен» шеберлік байқасты. Кездесу барысында «Астана» сапынан Абат Айымбетов 31-минутта есеп ашса, ақтаулық команда Дмитрий Подстрелов 66-минутта таразы басын теңестірді. Ал 77-минутта Дембо Дарбо пенальтиден қайтадан «Астананы» алға шығарды. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.