Астана қаласының сыртындағы барлық бағыт бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді.Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. «Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына! Көлік құралдарының барлық түрлері үшін ауа-райының нашарлауына байланысты Астана қаласының сыртындағы барлық бағыттар бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.