«Астана» телеарнасы «Ащы шындық» атты жаңа ток-шоуды көрермен назарына ұсынбақ

«Астана» телеарнасы «Ащы шындық» атты жаңа ток-шоуды көрермен назарына ұсынбақ. Реалити-шоу барысында тілшілер мен сарапшылар тағдыр тәлкегіне түскен қазақстандық әйелдердің түйткілді мәселелерін шешуге тырысады. Жоба авторлары «Эфирден кейін кейіпкерлер қиын өмірлік жағдайлардан шығып, әлемге деген көзқарастарын өзгертеді», - деп уәде береді. Елімізде бұрын-соңды болмаған жанрдағы ток-шоудың түсірілім алаңына тілшілеріміз барып келді.Әлеуметтік ток-шоудың басты кейіпкерлері – қиын жағдайға тап болған жиырма әйел. Олардың біреуі зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, енді біреулері балаларын жалғыз тәрбиелеп, күйеуінен алимент өндіре алмай жүргендер. Арасында жазықсыздан-жазықсыз абақтыға түскендер де бар. Ғазиза РАЙЫМБЕК, ПРОДЮСЕР, ТОК-ШОУ ЖҮРГІЗУШІСІ: Қазіргі қоғамда қазақ әйелдерінің мәселесі қатты қозғалып жатыр. Өздерін қорғай алмайды. Өзінің құқықтарын қорғай алмайды. Сондықтан біздің «Ащы шындық» бағдарламамыз осындай келіншектерге, осындай қыздарға, тағдырлары бір-біріне ұқсамайтын қыздарға арналған. Тығырықтан шығу жолдарын іздеуге түрлі саланың сарапшылары көмектеседі. Ал тәжірибелі тілшілер журналистік зерттеу жүргізеді. «Шындыққа қол жеткізіп, қайғыға батқан қыз-келіншектерге үміт сыйлау – басты мақсатымыз»,- дейді жоба авторлары. Назерке МАЛАЕВА, ЖУРНАЛИСТ: Өзімізден көмек сұраған адамның мәселесін 100 пайыз шешіп беру үшін кейде басымызды қатерге тігіп жатамыз. Бірақ біздің кәсіби команданың арқасында бізден көмек сұраған кейіпкерлеріміз өте риза. Кәдімгідей олардың өмірге деген құштарлығы оянып жатыр. Мүлдем басқа адамға айналғандарын айтып жатыр. «Ащы шындық» ток-шоуы еліміздің барлық өңірін қамтиды. Күн-түн демей, тілшілер жолға шығып, қиындыққа тап болған әйелдерге заң тұрғысынан, психологиялық, тіпті, материалдық көмек көрсетуге дайын. Айбек НҰРҚАСЫМ, ТОК-ШОУ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ: Бұл ток-шоуға келгеннен кейін, мәселесін айтып қана қоймай, сол мәселесін түбегейлі әрі қарай шешу – ұжымның ең басты мақсаты осы. Бір кейіпкеріміз бар. Күйеуі қайтыс болған, аяқ асты қан қысымы көтеріліп. Ол өзінің үш баласымен осы Алматының іргесінде тұрады. Өз көзімізбен барып көрдік, ана жерде тұру мүмкін емес. Сондай кісілерге біз баспана арқылы көмектессек пе деген ойымыз бар. Ғазиза РАЙЫМБЕК, ПРОДЮСЕР, ТОК-ШОУ ЖҮРГІЗУШІСІ Қазақстанда ешқашан мұндай жанр болған жоқ. Біздің студиямызда отырған кейіпкерлердің бәрі шынайы. Бізде ешқандай постанова, ешқандай өтірік, актерлар жоқ. 27 ақпан күні «Астана» телеарнасында «Ащы шындық» ток-шоуының тұсауы кесіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Алматыда 2 миллионға жуық адам көгілдір отынды пайдаланып отыр
Қарағандыда кибералаяқтықпен айналысқан 22 жастағы шетелдік ұсталды
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
2024 жылы шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдыздары
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?