«Astana» телеарнасына 30 жыл!

Бүгін Астана телеарнасына- 30 жыл. Алғаш рет 1993 жылдың 1 наурызында «Цесна» атауымен хабар таратты. Содан бері арнаның атауы 3 рет өзгеріп, қазіргі «AstanaTV» деген жаңа атауы 2012 жылы қабылданды.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Арна ашылғаннан бергі тарихи бейнеқорлар мен құнды сұқбаттар осы бөлмеде сақталған. miniDV6 DVSPrj, Betacame айта берсең жетеді, барлығы осы жерде бар. Ақмарал ӘМІРХАМЗИНА, БЕЙНЕ МҰРАҒАТ МЕНЕДЖЕРІ: Арнаның бейнеқоры – құнды қазына. Бұл жерде қымбат естеліктер, бағдарламалар, жаңалықтар, көркем фильмдер, телехикаялар, эфирға шыққан барлық бейнероликтер сақталған. Бұрын басқаша еді, қазір жаңа технологиямен жұмыс істейміз. Бұл жұмысты біраз жеңілдетті. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Бұрынғы таспалар осы магнитофондарда ойналған. Түсіріліп келген материал алдымен мәтін түрінде теріліп, монтаж бөлмесінде басқа таспаға монтаждалған. Кейін бейнеқорға тапсырылған. Телеарнада кадрдан тыс қаншама адам жұмыс істейді. Соның бірі дыбыс режиссеры. Қарлығаш МҰҚАНОВА, АРДАГЕР: Адам әртүрлі жағдаймен келеді ғой жұмысқа, көңіл-күй әртүрлі болады. Студияның есігін ашып бергенде арлығы ұмытылады ғой. Әдемі хабарлар жүріп, соның ішінде жүргенде ләззат аласың, әрине. Мен сағынам студияны, шынымен де сағынам. Қалалық арнаны республикалық деңгейге жеткізуде майталман мамандар, жас журналистер аянбай еңбек еткен. Соның бірі - Тілеген Әбішов. Тілеген ӘБІШЕВ, «ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ» КЕАҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл бір естен кетпес қызықты шақтарымыз десек те болады. Ол кезде жаңалықтар студиясы болды, ол кезде жеке бағдарламалар студиясы болды, қаншама жобалар ашылды. Солардың барлығы бір ауыздан атсалысып, күн-түн демей жұмыс істедік. Талай көрерменнің жүрегінен орын алған «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасы әлі күнге дейін көрерменнің есінде. Жайна СЛАМБЕК, «ХАБАР» АРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Астана» телеарнасындағы тілшілер нені қалап тұрғаныңды бірден ұғатын. Қалағаныңдай материалдар жасап беретін. Сол үшін де шығар менің 5 жарым жыл бойы сол бір бағдарламаны жасағаным. Бұл менің балалық шағымды еске түсірді. Қазір арнаның құрамы да, жұмысы да, техникалық мүмкіндіктері де өзгерген. Жұрағат БАМАН, «ASTANA» ТЕЛЕАРНАСЫ АҚПАРАТТЫҚ-САРАПТАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ДИРЕКТОРЫ: Ұжым толық жаңарды десек болады. Жас тілшілер, жаңа көзқарасты тілшілер келіп жатыр. Астана телеарнасының көрермендері өте көп. Әсіресе, аймақтарда бізді өте жақсы көреді. Өзінің телевизия саласында орны бар.Эльвира ГУМАРОВА, «ASTANA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бұл телеарнада ең маңызды ол - орта, адамдар. Сол адамдардың арқасында бұл жер мейірімділікке толы. Барлығы ашық-жарқын, жоғары білікті, өз істеріне жандарымен берілген. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: 30 жылда Астана талай талантты журналисті баулыды, майталман мамандарды тәрбиелеп шығарды. Әрқайсымыз үшін арна екінші үйге, ал ұжым отбасыға айналды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады