"Astana" телеарнасына - 31 жыл!

Бүгін -Астана телеарнасынның туған күні. Көрермен көзайымына айналған арнаның ашылғанына 31 жыл толды. Осы аралықта тілшілер жер-жаһаннан жылдам хабар алғызып, қызықты ақпаратты көрерменге ұсынды. Жаңа бағдарламалар көрерменге жол тартты. Талай түлекті биікке шығарды. Ең бастысы – халықтың алғысын алды. «Астана» телеарнасы алғаш рет 1993 жылдың 1 наурызында «Цесна» атауымен хабар таратты. Содан бері арнаның атауы 3 рет өзгерді. Қазір "АСТАНА" атауымен көрерменге таныс.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: «Астана» ол – отбасы, «Астана» – мектеп, «Астана» - мүмкіндіктер мекені. Ал, сіз үшін арнаның орны қандай? БЛИЦ-САУАЛНАМА: - "Астана" телеарнасы - жас мамандардың шеберханасы. - "Астана" ол - махаббат. - Мүмкіндіктер. - "Астана" - жақсы адамдар мекені. - "Астана" мен үшін - жетістік. - "Астана" ол - биікке самғау. - "Астана" ол - әлем жаңалықтарымен танысу. - Жедел ақпарат тарату. - "Астана" ол - екінші үй. Телеарнаның жүрегі-Жаңалықтар. 17 өңірде тілшілер қосыны бар. Аймақтағы тілшілер шалғайдағы шаруаның мұңын, ауылдағы ағайынның татымды тірлігінен хабардар етеді. Оның ішінде телеарна ашылғалы еңбек етіп жүргендер де, тілшілік тіршілікке енді қадам басқан жас та бар. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен телеарнаға небәрі 19 жасымда келдім. Балапан қанатымды қатайтты. Сынбауға, мықты болуға үйретті. Жас деген жоқ, жетістікке жетесің деп жетеледі. Өмірге баулыды. Мүмкіндік берді. Арамызда мен секілді арнадан алғаны алтын қызметкер көп. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - "Астана" телеарнасы маған үлкен тәжірибе мен жаңа достар берді. - "Астана" телеарнасы маған жаңа орта сыйлады. - "Астана" телеарнасы маған көп мүмкіндік берді. - "Астана" телеарнасы маған білім берді. - "Астана" телеарнасы маған тұрақтылықты үйретті. - Жұмыс берді. Отбасыма табыс берді. Барлық жақсылықты берді. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде арнамыздың тұрақты көрермендері қалыптасты. Республикалық арналар арасында рейтинг өсті. 31 жыл ішінде талай өзгеріс болды. Телеарна алға қадам басты, өсті. Мықты мамандардың тәжірибе алаңына айналды. Форматы мен студиясы жаңарды. Көрерменнің көзайымына айналды. Сондықтан, біздің арнаға айтар алғысымыз шексіз! БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Біздің телеарна көркейе берсін деп ойлаймын. Жоғары дәрежеге жетсе екен дейміз.Қазір канал көбейіп жатыр ғой. Солардың биігінде болса екен дейміз. - Жетістік. Көрсеткіш. - Жоғары рейтинг, мықты мамандар тілеймін. - Телеарнаға әлемдік деңгейде хабар тарату нәсіп етсін. Дәл осы студия арқылы талай көрерменнің назы айтылды. Қиындыққа тап болған тұрғындардың мәселесі көтерілді. Жыл ішінде арна арқылы түйіні тарқаған түйіткіл көп. Сіз көретін бір материал үшін талай адам еңбек етеді. Кадр сыртында қанша адамның қолтаңбасы бар. Оператор, монтажер, режиссер, ассистент, дыбыс режиссері, міне, осы жандардың барлығы эфирдің жақсы, ойдағыдай өтуіне атсалысады. Көрермен үшін көз ілмейтін әр қызметкерге алғысымыз шексіз! Телеарна жығылғанды демеді, жоғалғанға жоқшы болды. Елмен бірге жылады, бірге күлді. Әрі қарай да осы қарқынмен жұмыс істейді. Туған күніңмен, сүйікті телеарна!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
“Жедел жәрдемге жедел жәрдем керек“: Министрліктің есебі қандай?
Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Озат оқушыға ерекше мүмкіндік бар: бір жылда екі сыныпты қалай оқуға болады?
Ақылы автотұрақты тегін пайдалана алатын кімдер?
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті
13 қалада ауа сапасы нашарлайды
Жаңа жылға сыйақы беріле ме?
“Дариғамен бірге болу - бақыт“. Актер Олжас Абаймен экслюзив сұхбат
Тұман, жаңбыр: бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау нысандарында 40 тексеру жүргізген
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
Павлодар облысындағы балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды