Астана-Теміртау тас жолында жылдамдық режимі өзгерді

Халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерге ескерту жасады. Астана-Теміртау тас жолы бойынша жылдамдық режимі өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты."Астана-Теміртау автомобиль жолының учаскесінде 1305 километрден 1327 километрге дейін (Бабатай кентінен Аршалы кентіне дейінгі учаске) жылдамдық режимі сағатына 120 км-ден 140 км-ге дейін ұлғайтылды", - делінген хабарламада. Алайда, ұзындығы 4 км (1327 км +350 м – ден 1331 км +450 м-ге дейінгі Республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автомобиль жолының) Аршалы кентінің жанындағы көлік айрығының жанындағы ақылы жол учаскесінде жылдамдықты 120 км/сағ дейін шектеу қолданылады. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жылдамдық режиміне мынадай шектеулер қойылғанын атап өткен жөн: I-А – 140 км/сағ санаты (Астана-Павлодар, Астана-Щучинск, Астана-Теміртау, Алматы-Қонаев); I-б – 110 км/сағ санаты (Алматы – Қорғас, Шымкент – Өзбекстанмен шекарасы, Қонаев – Талдықорған, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз-Қайнар, Щучинск – Көкшетау); II санат – сағатына 100 км (Павлодар – Семей – Қалбатау, Көкшетау – Петропавл, Павлодар-Ресеймен шекара (Омбы бағыты), Орал – Ресеймен шекара (Самара бағыты), Орал – Ресеймен шекара (Саратов бағыты), Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстанмен шекара).

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыл медицинасының әлеуеті артты
Заңнамадағы өзгерістер еліміздегі жас ғалымдар мен болашағы зор зерттеушілерді қолдауға көмектеседі
«Елорда кубогы»: финалда кімдер бокстасады
Өзбекстанда өткен айтыста Мұхтар Ниязов жүлделі орын иеленді
Түркістан облысында 3 жасар қыз жоғалды
Күнбағыс көбейіп, күріш азаяды
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ғалымға да, ғылымға да қолайлы жол қайсы?
Дәрігер: Ас қорыту ағзаларының ауруын емдеуде саумалдың емдік-шипалық пайдасы зор
Қазақстандық шенеуніктердің АҚШ-та сатып алған мүліктері жарияланды
Табыстың бір көзі – қоқыс
Ескерткіштер ескерусіз қалмайды
"Құрғақшылық" немесе өрт сөндірушілер алапат өртке дайын ба?
Ұлтын сүйген ардақты ұл
Көкшетауда ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала құтқарылды
Есірткіні елордадан кофе пакеттерімен тасыған адам ұсталды
Пол Маккартни Британиядағы алғашқы миллиардер музыкант атанды
Қоғамдық жұмыс – жазаның жаңа түрі
Көненің көмбесі – музей
Ауыл медицинасының әлеуеті артты
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Тұрғын үй құрылысы басталды
Қостанай облысында көлік өртенді
Әкімдік ғимаратында әупірімдеп оқып жүр