«Астана-Теплотранзит» жылуға артық ақша алған

«Астана-Теплотранзит» жылуға артық ақша алған. Заң бұзушылықтар мекеменің қызметін талдау барысында анықталды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады. Тұтынушылардың 3 млрд теңгесі кері қайтарылады. Қала тұрғындарынан ақпан, наурыз айларындағы жылу тарифіне қатысты көп шағым түсті. Бұрынғыға қарағанда біраз айырмашылық бар дейді олар. Кейбіреулерде төлем 100 мың теңгеге дейін жеткен көрінеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Январь айынан бастап қанша, 90-95 мыңға дейін көтерілгенін естіп те, көріп те жатырмыз. - Январьда бізде 51 мың келді, февральда өтірік айтпасам 55 мыңға келді. Бүгін күйеуім қарап тексерсе 56 мың, қалай сонда? Қаждый ай сайын свет 300 мыңға көтеріледі, 10 мың төледім ба декабрьда, январьда 13 мың, февральда 16 мың – 3 мыңға көтеріліп жатыр бағасы. - Бағаны көрсем енді ұйықтап кетемін. Бүгін келіп тұр, айта алмаймын енді бірақ сізге. Жаңа жылға дейін тұрғындар жылудың 1 гигакалориясына 3097 теңге төлеген. Қаңтарда баға 3716 теңгеге бір-ақ шықты. Үйінде есептеу құралы жоқтар тіпті 4459 теңгеден төлейді. Яғни, тариф 30 процентке артқан. Ал су мен электр энергиясының тарифінде өзгеріс жоқ. «АстанаЭнергосбыт» жылудың қымбат шығуына 1 қаңтардан бастап тарифтің өзгеруі мен ауа райының суықтығы себеп болды дейді.Жеке тұлға – 3097 теңге/Гкал – 3716,41 теңге/Гкал Есептеу құралы жоқ болса – 4459 теңге/Гкал Заңды тұлға – 5646 теңге/Гкал – 5966,37 теңге/Гкал Бюджеттік ұйым – 6694,76 теңге/Гкал – 7073,94 теңге/Гкал "АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ" ЖШС:Себебі 1 қаңтардан бастап энергия өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындардың тарифтері өсті. Сәйкесінше, осы қызметтерге жұмсалатын шығындар да артты. Бұл шығындар біздің тарифтің 97% құрағандықтан, жылу энергиясы тарифін өсіруге тура келді. Тарифтер уәкілетті органмен бекітілген. Жыл басынан бастап "Астанаэнергосбыт" ЖШС тарапынан электр энергиясы тарифтері өзгерген жоқ. Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Астана-Теплотранзит» қызметін талдау барысында, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты негізсіз алынған табыс түріндегі заң бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Артық алынған 3 млрд теңге қайтарылады. Қабылданған шаралар түпкілікті тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 % - ға төмендеуіне алып келді. Зура САРДАРБЕК, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Соммаларды тұтынушыларға қайтарып беру мақсатында 3млрд көлемінде тариф төмендетілді. Департаменттің бұл шешімдері, бірінші сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ тұтынушылар едәуір төмендетілген шоттарды 1-10 мамыр аралығындағы шоттардан көре алады. Тұрғындар тарапынан тағы да түсінбеушіліктер туындаса, Петров көшесі 5-үй мекенжайы бойынша немесе «е-Otinish» өтініш қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы толық ақпарат алуға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады