«ASTANA TIMES» ұжымы жылды қорытындылады

Құрметті көрермен, осы жылдың ең басты жаңалықтарын қорытындылап, өздеріңізге жеткіздік. «ASTANA TIMES» ұжымы жыл ішінде 251 эфир шығарды. Жаңалық жаршылары күн-түн демей 8 мыңға жуық сюжет әзірледі. Салмақты саясат, қоғамның тынысы, экономика мен әлеумет, өнер мен руханиятқа жаңалықты Сіздерге жеткізді. Ал, жылдың соңғы материалын Аружан Задабек әзірледі. «АСТАНА» телеарнасы жыл бойы тәулігіне 23 сағат хабар таратты. Оның ішінде маңызды оқиғалардан хабардар ететін "Жаңалықтар" бөлімі телеарнаның жүрегі іспеттес. 17 өңірде тілшілер қосыны бар. Аймақтағы тілшілер шалғайдағы шаруаның мұңын, ауылдағы ағайынның татымды тірлігінен хабардар етеді. Оның ішінде телеарна ашылғалы еңбек етіп жүргендер де, тілшілік тіршілікке енді қадам басқан, талабы таудай жас та бар. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде арнамыздың тұрақты көрермендері қалыптасты. Республикалық арналар арасында рейтинг өсті. Жаңалық беру тәсілі өзге арналардан ерекшелене түсті. Тақырыпқа терең кіру үшін түрлі тәсілді қолданды. Көптің көкейінде жүрген мәселелерді көтерді. Эксперимент арқылы күрделі проблемаларды ашық көрсете білді. Биыл жаңалық жаңа айдарлармен толықты. Ел дамуын бағамдайтын – «Экономика», саңлақтардың жеңісін сүйіншілейтін – «Спорт», әлемге саяхат жасайтын– «В Мире» көрерменге жол тартты. Жаңалық тілшілері салмақты саясаттан да қалыс қалған емес. Маңызды кездесулер туралы оқиға орнынан хабар таратты. Биылғы жылдың маңызды оқиғасы. Астана телеарнасына - 30 жыл толды. Арна ең алғаш «ЦЕСНА» деген атпен 1993 жылдың наурыз айында ашылды. 2000 жылдың қарашасынан бастап атауы «АсТВ» болып өзгерді. 2004 жылдың шілде айында маркасын өзгертті. Қазір "АСТАНА" атауымен қалың көрерменге таныс. Жұрттың ықыласына ие болған арна тағы бір жылды сәтті қорытындылады. 30 жыл ішінде талай өзгеріс болды. Телеарна алға қадам басты, өсті. Мықты мамандардың тәжірибе алаңына айналды. Форматы мен студиясы жаңарды. Көрерменнің көзайымына айналды. Дәл осы студия арқылы талай көрерменнің назы айтылды. Қиындыққа тап болған тұрғындардың мәселесі көтерілді. Жыл ішінде арна арқылы түйіні тарқаған түйіткіл көп. Сіз көретін бір материал үшін талай адам еңбек етеді. Кадр сыртында қанша адамның қолтаңбасы бар. Оператор, монтажер, режиссер, режиссердің ассистенті, дыбыс режиссері, міне, осы жандардың барлығы эфирдің жақсы, ойдағыдай өтуіне атсалысады. Бізде кадрдан тыс кадрға кірмейтін қызық та көп. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Біздің телеарна қызметкерлерінің әр күні осылай өтеді. Жығылғанды демейді, жоғалғанға жоқшы болады. Елмен бірге жылайды, бірге күледі. Келер жылы да осы қарқынмен жұмыс істейді. 2024-те жүздесіп, тілдескенше көрермен!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты