Астана тұрғындарын теректің мамығы әлекке салды

Ал Астана ақ көрпеге оранды. Алты ай бойы Арқаның аязынан әбігер көрген жұрт, енді ақ мамықпен күресіп жүр. Ақ ұлпаның әлегі қашанға дейін жалғаспақ? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:  Күніне неше рет түшкіргенім есімде жоқ. Мынау ұшып жүрген ақ мамық әбден жүйкемді жұқартты. Жаз келсе болды, жыл да осылай. Тек мен емес, көп адам осы мамықпен алысып жүр. Әсіресе, желді күні дем алу қиын. Аузы-мұрныңа кіріп, әлекке салады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бұл ағаштың орнына басқа ағаштар отырғызса жақсы болар еді. Толып жатыр ғой ағаштың түр-түрі. - Күніге аллергия. Больница жүремін каждый год. - Я не знаю. Наверно құрту керек шығар. Өйткені аллергия бар түшкіре бересің. Сосын баламның беті қызарып кетті. Дәрігерлер теректің ақ мамығы аллергия береді дейді. Әсіресе 20-30 жас аралығындағы жастар зардап шегуде. Күніне 15-20 адам қаралуға келетін көрінеді. Құралай СЕЙІЛҚЫЗЫ, АЛЛЕРГОЛОГ-ИММУНОЛОГ: Негізі өсімдіктер бар ғой осы кезде өсетін, солардың шаң тозаның өзімен бірге алып ұшады. Сондықтан да ол жанағы организмге аллерген болып енуі мүмкін. Жалпы аллергендер өздері көбінесе жанағы мұрын шырышты қабатымен не болмаса көздің шырышты қабаты арқылы енеді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жыл сайын қалада терек егіледі. Ол ауаның таза болуына септігін тигізеді дейді. Дегенмен, тұрғындардың жайлылығы үшін оның санын жылдан жылға азайтып жатыр. Бахтияр ШАЙМҰХАНБЕТОВ, "АСТАНА КӨГАЛДАНДЫРУ" ЖШС БАС АГРОНОМЫ: Қазіргі таңда бірден алып тастауға болмайды. Сондықтан біз біртіндеп жылдан жылға оның көлемін азайтып баламасын тауып басқа өсімдіктерге ауыстырып жатырмыз. Кейінгі үш жылдың ішінде 500-ге дейін төмендедік. Ал табиғат жанашырлары теректі құртуға қарсы. Бір терек бір тәулікте 40 келі шан-тозанды тазартады. Сондықтан оны тек адам көп шоғырланған жерлерден азайту керек дейді. Айнұр СЕЙЛХАН, ЭКОЛОГ: Ағаштардың ішіндегі терек ағашы өте пайдалы болып келеді. Әрине ол аллергиялық ауруларды туғызу мүмкін. Маусым айында белгілі бір мезгілде. Алайда теректің пайдасы шаң тозаңды, ысты түтінді басқа ағаштарға қарағанда 70 пайызға қайта өндіреді. Ақ мамықпен ойнама, күйесің. Қалжың емес, былтыр жекеменшік екі үй ақ ұлпаның кесірінен жанып кетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді