Ақмола облысында ер адам тамақтану кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.2023 жылғы 22 наурызда Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Астана тұрғынының қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түсті.Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеу кезінде тұншығып қалған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған. Ер адам елді мекенде қонақта болғаны белгілі болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық зерттеу барысында анықталатын болады.