«ASTANA TV» телеарнасының көмегімен шешілген мәселелер

«ASTANA TV» телеарнасы билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналғанына - 30 жыл. Тілшілеріміз тұрғындардың түйіткілді мәселесін көтерді. Билікке жеткізді. Табандап тұрып, шешілуіне ықпал етті. Көрермендердің арнаға айтқан алғыстарын әріптесім Ақбота Базарбай жеткізеді.Былтыр қыста Павлодарда қалалық су арнасының құбыры жарылып, 4 баланың анасы Нұржан Кәмесханқызының баспанасы су астында қалған еді. Мекеме көпбалалы анаға үйдің шығынын өтеп беруден бас тартқан. Тілшіміз мәселені көтеріп, арнадан көрсетті. Кейіпкеріміз монополист компанияны сотқа берді. 7 айға созылған сотта көпбалалы ана жеңіске жетіп, қалалық су арнасы шығынды өтеп беруге міндеттелді. Нұржан КӘМЕСХАНҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Амалсыздан БАҚ соның ішінде «ASTANA TV» телеарнасына жүгіндік. Ол кісілер біздің жанайқайымызды жеткізіп, ақпараттық қолдау көрсетіп, соттың оң шешім табуына ықпалын тигізді. Сондықтан, алғысым шексіз. Қызылордадағы Қызылжарма елді-мекенінің тұрғындары жол мен жарықтың азабын тартып келді. Жаңбыр жауса балшық, жел тұрса жарықсыз қалатын. Зибагүл АЙТБАЙҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Батпақ, екі аяқ киім қыста. Мына кісі галошын тастап кетсе, кешке келгенде ол галош жоқ. Құдай білсін кім алып кететінін, белгісіз. Скорый шақырсақ, алда-жалда батып қалса, бітті ел болып сол скорыйды итереміз, осы ауыл болып. Дараша ӘЛИЗАҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сымды 210 мың теңгеге тартып алғанмын кезінде. Үш үйге бердім, тағы екі үйге беріп едім аяғында өзімнің светім кешкісін ине түгілі телевизор көре алмаймыз. Екі холодильник, екі телевизор жанып кетті. Қайтадан кредитке алдық. Мәселелері қордаланып қалған қызылжармалықтар жергілікті атқамінерлердің есігін тоздырған. Тілшілеріміз тұрғындардың базынасын тікелей эфирде көтеріп, жергілікті атқамінерлерге хабарласты. Телефон тұтқасын көтере алмаған жергілікті басшыларды жұмыс орындарына да іздеп барды. Арнаның араласуымен бастау алған мәселе шешіліп, ауылға жаңа тас жол төселді, халықтың талабы ескерілді. Тілшілеріміз халықтың мұң-мұқтажын жеткізуде күн сайын жер-жерді аралайды, тынымсыз тіршілік етуді жалғастыра береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қаржылай көмек беріледі
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп