Астана Венецияға айналды

Астана Венецияға айналды. Көліктер суда жүзіп жүр. Толассыз жауын тұрғындарды әбігерге салды. Жаңбыр жауса көше бірден көлге айналады. Неге? Дәрібек Бахытбек жауаптылардан сұрады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Сәл жауын жауса көшелер әп-сәтте көлге айналады. Малмандай су болмас үшін аяқ киімімді шешіп алдым. Басқа амалым болмады. Өйткені су тобықтан асып тұр. Көліктер кеме секілді жүзіп жүр. Жаңбыр аздай үстімізге шалшық суды шашыратып өтуде. Су кешіп әбігерге түсіп жүрген мен ғана емес. Астаналықтардың дені тізеден су кешті. Әбден әбігерге түсті. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Конолизациялар фантан болып жатыр. Басқа жоқ. Ана жақ бәрі затапела. Жұмысқа кешігіп жатқан соң өтуге тура келді. - Аяғымның бәрі су болды. Ары бері жүретін жол жоқ. Амалсыз су кешіп жатырмыз. - Көшенін барлығы су. Мен жұмысқа бара алмай мінекей айналып жүрмін бүкіл қаланы. Перекюлстан өту не возможна. Масқара ғой мынау. Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, қалада 18 нөсер кәріз жүйесі бар. Алайда ағын судың бетін толық қайтара алмайды. АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ: Жауын-шашынның мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналады. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жергілікті орындарда жұмыс істеп жатыр. Жауған жауын жердің ырысы болама десек, халықтың әбден тынышын алды. Астана Венецияға айналып кетпесе жарар еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Путиннің мәлімдесінен кейін түн ішінде шұғыл тапсырма берді
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін
Үкімет көліктердің тұрақта тегін тұру уақытын ұзартуы мүмкін
Алматының танымал орны жаңартылды
Қазақстандық шаңғышылар Әлем кубогы кезеңіне қатысады
370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май зауыты жақында іске қосылады
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Алматыда тұрақты жылумен жабдықтау үшін Южный қазандығы мен жылу желілері жаңарады
Еңбекмині 2024 жылғы 10 айдағы жұмысын қорытындылады
Ғалымдар уақытты өлшеудің тың әдісін ойлап тапты
Қызылорда облысының прокурорлары заңсыз сот актілерінің күшін жойды
Екібастұзда оқушы жоғалып кетті
Қазақстан СІМ басшысы Хорватия Премьер-министрімен кездесті
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңға қол қойды
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Тоқаев Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Тоқаев Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертке барды