Астанада 52 жастағы әйелді автобус қағып кетті

Астанада 52 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Оқиға Абылай хан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік бағдаршам қызыл жанып тұрса да тоқтамаған. Салдарынан жаяу жүргіншілер жолында жайбарақат кетіп бара жатқан жолаушыны таптап өткен. Жәбірленуші иық буынының көгеруі және жабық бас миының жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Автобус парк басшылығы жүргізушінің 6 жылдық тәжірибесі бар екенін, жұмысқа бір ай бұрын қабылданғанын айтады. Рашид РАХМАТУЛИН, "CTS" ЖШС КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта жүргізуші бірден жұмыстан шеттетілді. Көлік мамандарының біліктілік орталығындағы құқық бұзушылар курсына жіберілді. Содан кейін ғана оның қайта жұмысқа қосылу мәселесі қаралады. Ол таңғы сағат 5:30-да механик пен дәрігердің тексеруінен өтіп, қоғамдық көлік жүргізуге рұқсат алған болатын. Оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері де әйелдің бағдаршамның жасыл түсінен өткенін растап отыр. Ал, автобус жүргізушісіне қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері