Астанада отбасылық ғылыми фестиваль өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50–ден аса мұғалім қатысты. Олар өздерінің инновациялық тәжірбиелерімен бөлісті. Ал, шараға келген балалар ғылым мен технология туралы түрлі дәрістерді тыңдап, интерактивті шоулар мен спектакльдерді тамашалады. Одан бөлек, жиында 2024 жылы Финляндияда өтетін жаһандық байқауда еліміздің намысын кім қорғайтыны анықталды. Бибі ӘБІЛКӘРІМОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: Елімізге, бірінші кезекте, жаратылыстану, инженерия, технология сала мамандары қажет. Бүгінгі іс-шараға қатысқан балалардың, ата-ана, ұстаздардың белсенділігінен, қызығушылықтарынан біздің әлемдік деңгейдегі өз орынымыз бар екенін білуге болады. Сонымен қоса, фестивальдегі, олимпиадада біздің балаларымыз жеңімпаз болып, әлемнің 100 шақты елінің ішінен орын алған болатын.