Астанада 1000-нан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады

Наурыз мерекесі - игі істің бастауы. Осы орайда Астанада 1000 нан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады. Игі шараға «ПетроРейтейл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Астана қаласының әкімдігі» ұйытқы болды.Серіктестер бірінші меморандумға қол қойды. Келісім шартта жыл сонына дейін елорда халқының әлеуметтік осал топтарынан шыққан 4 мың отбасын азық-түлік себетімен қамтамасыз ету көзделген. Бұл игі іске 500-ден аса ерікті жұмылдырылды. Есет БАЙКЕН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Акцияның негізгі мақсаты -тек қана елордадағы еліміздегі мұқтаж жандарға көмекті көрсетіп қана қоймай, барлық орта және бизнес субьектілерін осындай қайырымдылық шараларына басқа көзқараспен қарап белсенділіктерін арттыру және де соған шақыру мақсатында жасалып отырған шара. Әлеуметтік көмекке жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер және әлеуметтік осал топтардағы басқа да адамдар ие бола алады. Мың қораптың әрқайсысында ең қажетті - ұн, қант, май, макарон сынды азық-түлік тауарлары бар. Бір комплект құны шамамен- 30 000 теңге. Төлеміс ШОТАНОВ, "PETRORETAIL" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: Ұлттық мейрамға сәйкес Әз-наурыз дейді наурыз мейрамы дейді. Осындай шара өткізіп жатыр. Мың комплект қазір таратамыз. Біздің волонтерлар арқылы. Бұл тек қана бір рет өткізілетін шара емес. Осы шараны біз әрмен қарата іске асырамыз. Осы жылда құдай қаласа осындай 4 шара өткіземіз. Игі шара аясында қала тұрғыны Людмила Симакова да азық-түлік себетіне ие болды. Ол ұйымдастырушылар мен еріктілерге алғысын білдірді. Людмила СИМАКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен сіздерге рахметімді айтамын. Ең керек заттар бар екен себетте. Күнделікті пайдаланамыз ғой қантты да, кір жуатын ұнтақты да. Рахмет. Айта кетейік, қайырымдылық акциясы жалғасын табады. Ұйымдастырушылар бұл игі шараны дәстүрге айналдырамыз дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді
ӘЧ-2026: Черчесов топтағы басты фаворит пен аутсайдерді атады
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді