Астанада мың отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық күніне орай, қала әкімдігі мен «Qazaq oil» компаниясы бірігіп жалғызбасты ана, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қуантты. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған игі іске еріктілер де атсалысты. Қала тұрғыны Роза Сырбекова- 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Бес жыл үй кезегінде тұрып, 2021 жылы 2 бөлмелі баспанаға қол жеткізген. Жолдасы жүргізуші болып жұмыс істейді. Балалардың үлкен 11 жаста, ең кішісі 2 айлық. Еліміздің демографиясына үлес қосып отырған отбасы түрлі мерекелерде қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайды. Роза СЫРБЕКОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Мен өзім үйде бала күтімімен отырған анамын. Наурыз мерекесіне орай азық-түлік әкеліп жатыр екен, еріктілерге рақмет. «Qazaq oil» компаниясына көп рақмет. Мейрам сайын елеп-ескеріп отыратын аудан әкімдігіне, қала әкімдігіне көп рақметімді айтамын. Еріктілер 5 аудандағы мың отбасыға 45 тонна азық-түлік жеткізді. Әр отбасыға жеткен қорап 45 келіні тартады. Қуаныш МОЛДАБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:Былтырғы жылдан бері біз «Qazaq oil» компаниясымен қалалық әкімдік бірге меморандумға қол қойылған болатын. Мұқтаж және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсету мақсатында. Бұл былтырғы жылдан бері өткізіліп жатқан бесінші қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік себетке күн сайын тұтынатын ең қажетті өнімдер салынған. Онда ұн, күріш, макарон, өсімдік майы мен шәй өнімдері және химиялық тауарлар да бар. Нұрсила КҮНШЫҒАРОВА, «QAZAQ OIL» ЖШС МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:«Qazaq oil» компаниясы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, екінші жылы әкімшілікпен бірлесе отырып, осы науқанды іске асырып отыр. Осы науқан аясында Астана қаласының мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік қажеттілік бойынша бірінші орында тұрған тауарларды алатын болады. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, «Qazaq oil» компаниясы елге сауапты іс жасаудан танған емес. Серіктестік пен қала әкімдігі бұған дейін де маңызды мерекелер қарсаңында халықты қуантып, үнемі игі істің үлгісін көрсетіп келеді.