Астанада 2 жарым мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанға 6 инватакси қызмет көрсетеді

Астанада 2 жарым мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар. Оларға бар болғаны 6 инватакси қызмет көрсетеді. Онда да инватаксилер таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдардың жүріп-тұруын айтарлықтай шектеп отыр. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құру мәселесі әлі де толық шешімін таппаған. Осы орайда, елордадағы ерекше қажеттілігі бар тұрғындар «AMANAT» партиясына жүгініп, инватакси тапшылығы мәселесін шешуге көмек көрсетуді өтінді. Олар қазір инватаксиге қол жеткізу мәселесіне ерекше назар аудару қажет, дейді. Әсемгүл ӘБДІРАХМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізде инвотакси 2010 жылдан бері жаңартылмаған. Қала бойынша тек 6 ғана көлік қызмет көрсетеді. 14 жыл бұрын инвотакси қызметіне жүгінетін ерекше жандардың саны аз болатын. Қазір бұл санаттағы жандардың саны біраз өсті. Жанат ҚАБДОЛЛА, «САРЫАРҚА» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ИНКЛЮЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ: Біз қыста далаға шыға алмаймыз. Өйткені қар қалың, жер тайғақ, аялдамаға дейін жете алмайсың. Ал мамандандырылған арнайы такси барлығына бірдей жете бермейді. Ерекше жандарды тасуға ниет білдірген жеке таксилер бар. Биыл пилоттық жоба ретінде іске қосылған еді. Алайда олар көлікке арбасыз отыра алатындарды ғана таси алады. Менің арбамның салмағы 120 келі, әрі жиналмайды. Бұл жыл сайын қайталанып жатқан мәселе. Партиядан көмек сұраған тұрғындарды Көлік министрлігі жанындағы жұмыс тобына мүшелікке кіргізу туралы келісім жасалды. Аталған жұмыс тобы мүгедек адамдарды тасымалдау қызметіне қатысты қолданыстағы ережелерге бірқатар түзету әзірлейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер