Астанада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан

Қаңғыбас иттер қаптап барады. Өткен жылы елордада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан. Төрт аяқтылардан келетін қауіпті қайтып азайтамыз? Ақбота Базарбай жауап іздеп көрді. Астанада қаңғыбас иттердің саны артып келеді. Бұл мәселе тұрғындарды алаңдатып отыр. Кезбе иттің кесірінен көше айналып үйіне әрең кіретін оқушылары тағы бар. Жергілікті тұрғындарды алаңдататын басты мәселе - аурудың таралуы. Себебі бұл маңдағы иттер тойған жеріне үйренген. Ешкімді жатырқап, жатсынбайды. «Алайда ат теппейді, ит қаппайды деме» деген сөз бар қазақта. Осыдан сақтанған тұрғындар қауіпсіздік үшін бір шара қабылдау керек деп санайды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Опасно ғой енді балаларға. Постоянно мына жерде школдан келеді ғой автобуспен, қорқады балалар. - Өріп жүр, жана мына жақтан келдім. 5-6 иттер шұбырып жүр. Балалардың бірі қашса талап тастайды. Иттің аты ит қой. - Питомниктар ашып, сондай жерлерге орналастыру керек шығар. Ата бергенмен обал ғой, ол да жеті қазынаның бірі ғой. Астана тұрғындарынан тәулігіне "қаңғыбас ит қаптады" деген 40 шақты арыз түседі. Жауаптылар мәселенің өзекті екенін мойындап отыр. Былтыр иесіз кезіп жүрген 3 мыңдай итті ұстаған. Абай АБЫЛХАН, «АСТАНА ВЕТСЕРВИС» КМК ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР МЕН МЫСЫҚТАРДЫ АУЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жылдан жыл қала бойынша қаңғыбас иттер азаймастан бұрын, көбейіп жатыр десек болады. Оның ең басты проблемасы иттерді стерилизация жасау. Иттерге стерилизация жасалмаса көбейе береді жыл сайын. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Күнде 5 бригада арнайы рейд жүргізіп, қаңғыбас иттерді аулайды. Бұған көз жеткізу үшін арнайы мамандармен бірге қала ішінде ауланған иттерді уақытша ұстау пунктіне келдік. Мұнда қазір 3000-нан астам иесіз ит бар. Мария ГРИБЕНКИНА, "СТОП ОТЛОВ" ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Иттер өте көп. Ал жағдай оларға мүлдем жасалмаған. Иттерге арналған ұяшықтар жоқ. Бөлінетін қаржы тіпті мардымсыз. Бізге дәрігер мен қызметкерлер жетіспейді. Оларға төлейтін айлық та жоқ. Иттерге керек дәрі мен тамақ қарапайым халықтан жиналады. Адам мен қорадағы малды қойып, иттер тіпті бір-біріне шауып, әлсізін талап өлтіреді. Себебі - аш. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 500 итке арналған пункте қазір 3000-ға жуық ит бар. Бұл төрт аяқтылардың өміріне ғана емес, тұрғындарға да қауіп төндіріп тұр. Өйткені азық жоқ. Аш иттер қамаудан қашып, адамдарды қауып алып жатыр. Біз проблеманың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Заң жобасы әзірленуде. 2 жыл бұрын жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданған еді. Онда жануарларды азаптап өлтірген адамға 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады деп көрсетілген. Ал қаңғыбас иттер адамды не баланы талап өлтірсе, қай заңның қай бабына жүгінуге болатыны әзірге белгісіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы