Астанада 242 пациент қызылшадан стационарлық ем алып жатыр

Елордада 242 пациент қызылшадан стационарлық ем алып жатыр. Оның 174-і – бала. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті.Спикер қызылшамен сырқаттанушылықтың жоғары болуы мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, мектептерді, жоғары оқу орындарын, медициналық ұйымдар мен әскери бөлімдерді қоса алғанда, ұйымдасқан ұжымдарда байқалатынын атап өтті. «2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елордада қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту 77,5%, 22 245 бала егілді. 6-7 жастағы балалардың қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы ревакцинациямен қамтылуы – 78,8%», - деді ол. Астанада қызылшамен сырқаттанушылықтың 96%-ы вакцинацияланбаған балалар мен екпе мәртебесі белгісіз ересектер арасында тіркелген. Осы жылдың 1 қарашасына басқарма қоймасында 29 419 доза мөлшерінде қызылшаға қарсы вакцина бар, сондай-ақ 121 мың контингентті вакцинациялау үшін Үкімет резервінен 121 000 доза қосымша сатып алу келісімі жасалды. «Қызылша ауруы бар пациенттерге сапалы, қолжетімді және уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында басқарма «қызылшасы бар балаларға медициналық көмек ұйымдастыру туралы» бұйрықты бекітті. Балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты №3 МГДБ төсек қоры 500 төсекке дейін, оның ішінде реанимациялық төсек-орын 20 төсекке дейін ұлғайды», - деді Әлия Рүстемова. Сонымен қатар қазан айының басынан бастап Қалалық жұқпалы аурулар орталығында қызылшамен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 100 төсек орналастырылды, резервте тағы 100 ересектерге арналған орын бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Бақытты болуға лайықты»: әнші Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Жітіқарадағы өртте бес баласынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жануарға еліктеуге, төрт аяқтап жүруге шариғат тыйым салады - ҚМДБ
Елордада ересектердің қарауынсыз қалған үш бала құтқарылды
Қайрат Нұртастың інілері аяқ-қолын сындырып, гипспен жүргені туралы видео тарады
Алматыда қоғамдық орындарда 24 дербес кітапханалар орнатылды
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Бес баласы қайтыс болған ана 5 жылға сотталды
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Оңай емес екеніне көзім жетті: Төртінші баласына аяғы ауыр Аиша көпшіліктен кешірім сұрады