Елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қазір тұрақсыз. Тұрғындар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін 2 977 пациент қызылшамен стационарлық деңгейде емделді, оның 2 187-сі – бала, 49-ы – жүкті әйел. 2023 жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша 290 пациент стационарлық емделуде жатыр, оның ішінде 214 бала, 10 жүкті әйел бар. Бүгінгі таңда № 3 аурухана жүктемесі 43% құрады. Қараша айында барлық емханаларда 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күндік балаларға жаппай қосымша вакцинация басталды. Ал 5 желтоқсаннан бастап 2-4 жастағы балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмысы басталды, - деп еске салды спикер. Қаланың барлық медициналық ұйымдарында қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті, дейді басқарма өкілі. Мәселен, 2023 жылғы 9 желтоқсанда қалалық денсаулық сақтау қоймасына қызылшаға қарсы вакцинаның 40 мың дозасы келіп түсті, олар БМСК-да разрядқа сәйкес таратылды. ЖРВИ және қызылшамен ауыратын науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, сүзгі кабинеттері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцинация кабинеттері дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Құрметті елорда тұрғындары! Қосымша вакцинация алу үшін науқаспен байланыс болған жағдайда кез келген тұрғын тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі тиіс екенін атап өткім келеді, - деп ескертті Гүлназ Досмырзаева.