Астанада 4 тонна насыбай өртелді

Елордада 4 тонна насыбай жойылды. Зиянды өнімнің бағасы 20 млн теңгеден асады. Акцияны Астана қаласы әкімдігі мен полиция департаменті ұйымдастырды. Тексеру жұмыстары басталғалы жиналған өнім зиянды қалдықтарды жою жөніндегі мамандандырылған машинада өртелді. Елімізде 18 наурыздан бастап насыбай мен вейпке қарсы рейд жұмыстары жүргізілуде. Тексеру кезінде 5 ауданнан 140 мыңға жуық насыбай пакеті тәркіленді. Самат ИБРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Шараға тиісті сала мамандарымен бірге белсенді жастар мен еріктілер атсалысуда. Тек Астана қаласының емес, басқа өңірлердің жастарын бізге қосылуға және салауатты өмір салтын насихаттауға шақырамыз. Қазір тыйым салынған өнімдерге көбіне 25-ке дейінгі жастар құмартып жүр. Сондықтан рейдтік шаралар жыл соңына дейін жалғаса бермек, дейді депутат Арсланбек Мағзұм. Арсланбек МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Басты мақсатымыз – біздің жастарымыз келешек, болашаққа дұрыс жолмен барса деген ниетпен осы акцияны өткізіп отырмыз. Біз осы акциямен тоқтамаймыз. Рейдтік акциялар әрі қарай системалық түрде жүргізілетін болады. Алып күш иесі Сергей Цырульников жасөсіпірімдердің назарын спортқа аударып, түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажет екенін айтады. Сергей Цырульников, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ЕЛШІСІ: Қазір жастар аталған зиянды заттарға тәуелді болып барады. Ұйымдастырылып отырған шара еліміздің зиянды өнімдерге қарсы екенін, жастардың денсаулығына аса мән беретінін аңғартады. Сондықтан біз зиянды әдеттерден аулақ болып, керісінше, спортпен шұғылданумыз қажет. Бір аптада 5 аудандағы 500-ден астам сауда орнына тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісі анықталды. Оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтар да табылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы мұғалімдері «Бабалар аманатында» бақ сынады
Динара Сәтжанға сүйіктісі сөз салды
Камала Харристің үйі де бар: Лос-Анджелестегі өрттің қорқынышты фотолары тарап жатыр
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?