Астанада 400 қоғамдық көлік, 900-ден аса жүргізуші жетіспейді

Астанада 400 қоғамдық көлік пен 900 ден аса жүргізуші жетіспейді. Жолаушылар автобус күтеді, кейде сыймай қалады. Мемлекет басшысы мәселенің күрделі екендігін айтып, тапсырма берген болатын. Қалай шешімін таппақ? Әріптесім Дәрібек Бахытбек жауаптылармен тілдесіп көрді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Мен жұмыстан шығып үйге қайту үшін аялдамада қоғамдық көлікті күтіп тұрмын. Міне маған керек автобус келді. Адам қарасы көп, жұртпен жағаласып, қайтсем де мінуім керек енді. Мен секілді аялдамада автобусқа сыймай қалғандар аз емес. Қырық минуттан бері тұрғандары бар. БЛИЦ: - Жарты сағаттан асып кетті. Ал, енді боранда болса не болады? Сол часпихта жіберіп тұрса. Ал, енді күндіз жұмыс уақытысында аздап жіберсе автобус. - 7 например мына жерден жүреді ғой. Ол толық келеді. Мен жиенім мен бірге отырамын осы жерден. Кей кезде болады. Кіре алмай қаламыз ішіне. - Жиі жүрмейді аралары ұзақ уақыт. Қыстың күні тоңамыз. Қазір бас қалада 98 бағытта жүретін 850-ден астам автобус бар. 400 автобус жетіспейді. Президент оны қала дамыту жөніндегі кеңесте айтты. Тіпті алдағы 5 жылда тапшылық екі есеге артуы мүмкін. Қасым Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тіпті кейді жолаушылар автобусқа сыймай жатады. 400 аялдама да автобус тоқтайтын арнайы орын қарастырылмаған. Ал, 300 аялдама да жабық павилон жоқ. Бұл мәселе әсіресе қыс кезінде өте өзекті. Әкімдікке нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Ал, жауаптылар болса автобустардың кешігуіне жүргізушілердің жетіспеушілігін деп отыр. Қазір қалада мың жарымға жуық жүргізуші бар екен. Тағы 900-і жетпейді. Сондықтан қоғамдық көлікке қатысты шағым азаяр емес. Абай ТӨЛЕУХАНОВ, "CTS" ЖШС КӨЛІК ҮЙЛЕСТІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: Күніне 850-ден астам автобус жолаушыларды тасымалдауға шығады. Жалпы 2022 жылы қоғамдық көлікке 52 мыңға жуық жалб болды. Оның 17 мыңнан астамы сол автобусты күту уақытының ұзақтығына. Жауаптылар жыл соңына дейін жетіспейтін қоғамдық көлікті толықтай жаңадан алуды жоспарлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Түркі жұртына ортақ тұлға
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған