Астанада №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтің есімі берілді

Елордадағы №44 орта мектеп енді Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтің есімімен аталады. Бүгін білім ордасында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батырдың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі етілді. Биыл Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына жүз жыл. Батырдың құрметіне Астанадағы №44 мектеп енді соның есімімен аталады. Майдангерге арнап мектеп ауласына мемориалдық ескерткіш қойылды. Серік АСАНОВ, «АУҒАНСТАН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ СОҒЫСТАР АРДАГЕРЛЕРІ» ОДАҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазір патриоттық тәрбие өте маңызды. Бүгін мектеп халық қахарманының есімі берілуі бұл үлкен мәртебе. Осы орайда Ауған ардагерлінің ұйымын әскери ант қабылдау, білім беру ұйымдарындағы болатын түрлі шараларға шақырады. Бүгінгі салтанатқа ардагерлерімізді ұмытпай шақырып жатқанына қуаныштымыз. Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ батырының ерлігі, өскелең ұрпаққа өнеге. Білім ордасында батырдың ерлігі үнемі насихатталады. Тіпті арнайы сыныптар ашылып, оқушыларға әскери білім берілмек. Ләззат ҚҰЛТАЕВА, Р.ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ № 44 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Іс шараға бүгін ел жақсыларының барлығы жиналып. Осы біздің мерекемізді бізбен бірге тойлап жатырмыз. Біз өте бақыттымыз, қуаныштымыз. Бұл есімді алуменен мектебіміздің бағыты, миссиясы да ауысып жатыр. Оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтарды бере отырып, оларды патриоттық тәрбиеге баулу деп аталып жатыр миссиямыз. Бірі біліп, бірі білмес батырдың тегі Мусин болған. Бірақ оның атасына халық жауы жаласы жабылған соң, әулет болып тегін өзгертуге мәжбүр болған. Туыстары осы секілді ақпараттармен бөлісті. Қалам ТЕМІРОВА, Р.ҚОШҚАРБАЕТЫҢ КЕЛІНІ: Рақымжан ағатайымның қарындасы бар. Рақымжан атамның жалғыз-ақ қызы бар Әлия. Әлияныі екі ұлы бар, екі немересі бар. Жақсы құрмет көрсетіліп жатыр, еліміз сыйлап жатыр. Шарада оқушылар патриоттық ән шырқап, қойылымдар қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
«Таза Қазақстан» экоакциясына астаналық байкерлер қатысты
Қызылқоғада су шайған жолдар мен көпірлер қалпына келтірілуде
Абайлаңыз! Жақтың шығуына әкелетін сіз ойламаған әрекеттер
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала дүниеге келді
Италия, Франция және Словенияның бірнеше аймақтары су тасқынының астында қалды
Астанада ерекше балалардың ата-аналары экоакцияға қолдау білдірді
Кімдер тісін тегін емдете алады?
Жексенбі, 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Ауру ма әлде әдет пе: неліктен біз аяқты дірілдетеміз?
Сарайшықта зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет салынды
Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Павлодарда «Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуы аяқталды
Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Үш жасар бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылды
Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 15 адамды эвакуациялады
Қазақстан құрама командалары шабуыл сатысымен көтерілуден үздік үштікке енді
«Таза Қазақстан» экоакциясына астаналық байкерлер қатысты
Әнші Ayree зорлық-зомбылыққа қарсы ән жаздырды
19 мамырға арналған метеожағдай қандай
Су тасыған өңірлердегі тұрғын үйлер құрылысы online режимде бақыланады