Астанада 45 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Астанада 45 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соңғы 7-8 жылда қалада мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме салынбаған. Қазір мұнда халықтың көбеюіне байланысты туу көрсеткіші артып, былтыр 35 мыңға жуық бала дүниеге келді. Сәйкесінше, тәрбие орнына сұраныс артты. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін, елордада жылына 10 жаңа балабақша салу жоспарланып отыр. Балабақшаға кірген әрбір ересектің бір мезет бала болғысы келетіні жасырын емес. Тәтті тамақ, жылы төсек, қызықты ойындар бала түгілі үлкенді елітіп әкетеді. Қазір тіпті ондағы тәртіп пен оқу үрдісі адам қызығарлықтай. Топтағы бүлдіршіндер жаппай жазу-сызумен айналыспайды. Мамандар әр баламен жеке жұмыс істейді. Бала өзі қызыққан топ ішіндегі орталыққа барып, ой-өрісін дамытады. Бұл құзыретті орталық деп аталады. Анар СЫМҚОВА,  №95 «АЛМАТЫ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:баланың бойындағы қызығушылығын анықтау. Қандай қызығушылық бар және бала неге бейім екенін көрсетеді. Заттық дамытушылық орта балабақшадан бастап ұйымдастырылса, ертең үлкен қолдау, болашақта балаларға. Кішкентай кезінен әрбір баланың бойында қызығушылығы бар. Соны ұмытпау керек. Тәрбиешілер балалардың тілінің анық шығуы үшін, жатық болуы үшін көп еңбектенеді. Әр бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуына барынша оң септігін тигізуде. Сандуғаш ҚАЖИЯХМЕТОВА,  «КЕРЕМЕТ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:Астана қаласы бойынша балалардың көбі орыс тілді. Қазақ тіліне тән әріптерді кейбір балалар айта алмайды. Сол қазақтың тіліне тән дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар көп айтамыз, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашымыз түсіндіреміз. Елордада 100 мемлекеттік және 425-і жекеменшік балабақша бар. Жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 35 мыңнан аса орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі. Әр балаға- 50 мың теңге. Қазір бас қалада жеке балабақша саны артып келеді. Айжан ЖАҚСЫГЕЛДИНОВА, ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША ДИРЕКТОРЫ:2013 жылдан бастап біздің балабақша желісі 360 балаға мемлекеттік тапсырыс алады. Қазір балаларды балабақшамен қамтуда кәсіпкерлер өз үлестерін қосып жатса, жеке балабақша иелеріне мемлекет тарапынан көп көмек көрсетіліп жатыр. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Мемлекеттік тапсырыстың арқасында біз балабақшаны үлкейтіп, тағы да жүздеген баланы мектепке дейінгі біліммен қамти аламыз. Алдағы уақытта мемлекеттік балабақшалар да көбейеді, дейді жауаптылар. Жыл сайын 10 тәрбие орнын салу жоспарда бар. Қасымхан СЕНҒАЗИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Алдағы 5-6 жылдың ішінде қалада 60 мемлекеттік балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда оның жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның біразы мемлекеттік бюджет есебінен, біразы жеке кәсіпкерлердің есебеінен де салынатын болады. Сондай-ақ, кадр мәселесі де назарда. Балабақша мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс көбейген. Бұған дейін колледждерге жылына 500 орын бөлінсе, биыл оның көлемі 200-ге артқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Автошеру, концерттер: Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай қандай шаралар өтеді?
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды
Елордада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысы басталды
85 миллион: Антикор "Жетісу" футбол клубының директоры не үшін ұсталғанын хабарлады
Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтар не істеуі керек? Смадияров кеңес берді
Қазақстандық теннисші Италияда өтетін жарысқа жолдама алды
Еуро-2025: Армения мен Қазақстан арасындағы матч қалай аяқталды (влог)
ШҚО-да студент қыз өз әкесін сотқа берді
Автошеру, концерттер: Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай қандай шаралар өтеді?
Азаматтардың бет әлпетін тану мен құқық бұзушылықты анықтау бағдарламасы іске қосылды
Қызылордада инвесторға 112 млн теңге заңсыз айыппұл салынған
Қарағанды облысында әкімдіктің бухгалтері сотталды
Қазақстан Ұлыбританияға 4,7 миллион фунт қарыз ба? Министрлік жауабы
«Сені тек о дүниеге жіберемін»: Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел не үшін кетіп қалмағанын айтты
2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды
Сметов, Серікбаев, Шамшадиннің қайсысы Олимпиадаға баратыны іріктеуде анықталады
Маңғыстау жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр
ШҚО: бойжеткен өз әкесін сотқа берді
Ақмола облысында алаяқтар бір аптада 18 адамды алдап кеткен
Елімізге шетелден әкелінген 60 тоннадан астам қызанақтан вирус анықталды
Түркістанда балалар күніне орай ауқымды іс-шара өтті
Су тасқыны. Атырауда 300-ден аса жылқы құтқарылды
Тасқыннан зардап шеккен Атырау өңірінің балалары Түркістан облысына демалысқа барды