Елорда прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметінде жосықсыз өнім берушілерге шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.Айыппұлдың жалпы сомасы - 4,4 млн. теңге. "Прокурордың ұсынуымен өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызды уақтылы бермегені үшін 48 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағы)", - делінген хабарламада.