Астанада 7 жасар қыз жиі соққыға жығылған: министрлік тексеріс басталғанын хабарлады

Астана қаласының білім басқармасы өкілдері жеті жасар қызды ұрып-соғу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми Instagram-парақшасында 23 қарашада жүйелі түрде соққыға жығылған 7 жасар қыз ауруханаға түскені хабарланды. Баланың денесінде ұрып-соғу іздерін байқаған мұғалімдер дереу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүгінген, инспекциядағылар бұл деректі тіркеген. Қыз ауруханада қалғысы келетінін айтқан. Қазіргі уақытта оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. "Айта кетейік, аталған оқиға балалардың құқықтарын қорғау комитетініңбақылауына алынды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жағдайдың егжей-тегжейі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы мен микроклиматы зерделенеді. Осы сынды фактілер біздің қоғамдық ұстанымымыздың маңызын тағы бір мәрте еске салады", - делінген хабарламада. Ведомство өкілдері балаларға қатысты қатыгездіктің куәсі болсаңыз, тәуліктің кез келген уақытында "111" нөмірі бойынша немесе "Бала қорғау" чатына хабарласуға болатынын еске салды. Еске салайық, бастапқыда қызды ұрып-соғу туралы оқиғаға байланысты балалар омбудсмені Динара Закиева хабарлаған еді. Бұл отбасында тағы алты бала тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды. Кейінірек бұл жағдай туралы полиция өкілдері жауап берді. Астана ПД өкілдері баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты