Астанада ағзаға күшті әсер ететін препаратты заңсыз сатқан 2 дәріхана жабылды

Жыл басынан бері Астанада күшті әсер ететін препараттарды сатып келген 4 дәріхананың басшысы жауапқа тартылды. Астана қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Ғазизов осылай мәлім етті.«Есірткі қылмыстарын анықтауда елорда тұрғындары белсенділік танытуда. Тұрғындардан түскен ақпарат негізінде есірткі заттарын сатумен айналысып келген 52 сайт бұғатталды. Сонымен қатар, қала аумағындағы психотроптық заттарды жарнамалайтын суреттер өшірілді», - деп мәлім етті Рустам Ғазизов. Басқарма басшысы елордалық дәріханалар арқылы күшті әсер ететін препараттардың таралуы азаймай тұрғанын атап өтті. «Жыл басынан бері полиция департаменті мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бірлесіп, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 4 фактіні анықтады. 2 факті бойынша жеке кәсіпкерлерге 345 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал қалған 2 дәріхана мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін 6 ай мерзімге жабылды», - деді Рустам Ғазизов. Сонымен қатар, ол жыл басынан бері Астана аумағында 362 есірткі қылмысы тіркеліп, 14 келі «синтетика» тәркіленгенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды