Астанада ақылы көлік тұрағы көбейеді

Астанада ақылы көлік тұрақ саны көбейеді. Мамандар 7 мыңнан 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал бұған тұрғындар наразы. Тұрақтар қалтаны қағады дейді. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек тарқатып айтады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Жұмысқа келдім. Тұрақ ақылы болса да, ғимарат алды толған көлік. Мына жер бос екен осында қояйын. \машинадан түсемін\. Қазір сағат таңертеңгі 9 шамасы. Жұмысқа осы келгеннен кешкі 8 де бір-ақ шығамыз. Тұрақтың ақысы сағатына 100 теңге, сонда мен күніне кем дегенде 1000 теңге төлеймін. Мен секілді көлігін қайда қоярын білмей жүргендер қаншама? Алдымен бәріміз ақы төлемейтін тұрақ іздейміз. Бірақ табаныңыздан таусылсаң да таппайсың. Құдды ол жердегі көлік қозғалмайтындай. Санаулы болғасын орын жетпейтіні түсінікті. Тіпті кейбір жерде ондай тұрақ жоқ. Қазір, елорда да 7 мыңнан астам ақылы тұрақ бар. Оның бәрінде бірдей арнайы белгі жоқ дейді тұрғындар. Содан күтпеген жерден айыппұл келетіне шағым айтты. Ақылы автотұрақты қолдайтындар санаулы. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Платный парковкалар бар который керек емес жерлер. Мысалға мынау Фавориттің парковкасы обична домның парковкасы. Маған сол жерден штраф келеді. - Дұрыс болу керек. Не себепті? Дұрыс машина қояды да. Парковка болмаса платный дұрыс қоя алмайды. - Алдырып тастау керек бәрің. Общм керегі жоқ бізге. Потому что қазір міне жолдың бойында тоқтап тұруым керек. Қалай тоқтап тұрам. Келеді суретке түсіреді кетеді. Штраф сосын. Көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге және полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметінің көліктері тұраққа ақы төлемейді. Оларға жеңілдік қарастырылған. Жалпы ақылы тұрақтан түскен қаржының 90 пайызы қалалық бюджетке құйылады. Ал, қалған 10 проценті компанияға тиесілі. Төлемдер мен айыппұлдардан жиналған қаражат жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады. Шыңғыс ДОСЫБАЕВ, "ASTANA PARKING SPACE" ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Көліктердің аялдаған уақыты 5 минуттан асып кетсе, ол кезде тұраққа ауысады. Егер адамды жәй ғана түсіріп, не мінгізу керек болса, ақылы тұраққа ақша төлеу қажет емес. Тұраққа уақытылы ақшасын төлемегендер айыппұл арқалайды. Яғни, 3 айлықтық есептік көрсеткіш. Алғашқы 2 аптада 50 процент жеңілдік қарастырылған. Айта кетейік, көлікті үйініңдің ауласына ғана тегін қоя аласыз. Ол үшін astanapark.kz сайтының «Тұрғындар» бөлімінде жеке дерегіңізді енгізіп, өтініш толтырасыз. Бүгінде 3 мыңнан астам адам осылай тұраққа рұқсат қағазын алған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының аты-жөні жарияланды
Бостандыққа шыққан Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады
Түркістан облысында полиция шәйнектің ішінен есірткі тапты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды