Астанада да желдің жылдамдығы секундына 20 метрден асып тұр. Кеш батқалы үдей түсті. Күні бойы жауын-шашынды болды. Қазір қатып, мұзға айналуда. Бізбен тікелей байланысқа әріптесім Дәрібек Бахытбек шығуға дайын тұр. Дәрібек жол апаты жиілеп, жарақат алғандар бар екен. Қазір кешкі қарбалас. Тұрғындар сақтық шараларына қаншалықты мән беріп жатыр? Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Иа, Дастан қалада қозғалыс қиындады. Кеш қарайа көшелер көктайғаққа айналды. Көліктер әдеттегіден жылдамдықтарын азайытқан. Кептеліс көп. Жол сақшылары өте абай болуға шақырады. Өйткені, елордада таңертеңнен бері 40-тан астам жол-көлік апаты тіркелді. Көктайғақтан 20-ға жуық адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың қатары көбеймес үшін сақтық шарасына мән берген жөн. Қазір тұрғындардың пікірін білейін. Кешіріңіз! Қауіпсіздік шарасына мән беріп жатырсыз ба? Иә, ауа райы күрт өзгерді. Кешкілік салқын болып тұр. Құлап қалмас үшін жай жүріп келе жатырмын. Жаңа ғана жұмыстан шықтым. 10 минутта жететін жерге жарты сағат жүрдім. Үйге автобуспен қайтамын. Қалып қоймасам болар еді. Рақмет! Жолыңыз болсын! Таңнан бері телефонымызға тыным жоқ. 112 нөмерінен толассыз хабарлама келіп жатыр. Желдің екпіні күшті болатыны, жаңбыр жауатыны ескертілді. Қаладан шығатын жолдар жабылды. Әрине, бұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалып жатыр. Коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді деп күтілуде. Сақтық шараларына мән беріңіздер! Дастан мендегі ақпарат осы.