Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен отбасылық жарыс өтті

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Айланд Фэмили Ран отбасылық жарысы өтті. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шараға жүзден астам отбасы қатысты. Ата-аналар перзенттерімен бірге екі жарым шақырымды жүгіріп өтті. Жарыстың демеушілері белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ бүлдіршіндер түрлі байқаулар мен ұтыстарға қатысып, аниматорлардың қойылымын тамашалады. Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:Аталмыш шара отбасылық институт, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау барысында жасалып отыр. Әрбір бала отбасында не көреді, ата-анасынан қандай бағыт алады, түзде сол нәрсені істейді. Сондықтан ата-ана мен баланың арасындағы жылулықты арттыру үшін, сабақтастықты арттыру үшін осындай отбасылық жүгіріс іс-шарасын ұйымдастырып отырмыз. Балаларды қорғау күнін AMANAT партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы да кең көлемде атап өтті. Облыс аудандарында бүлдіршіндерге арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оралдық өрендер де осы өнер кешінде әннен шашу шашып, көрерменді қуантты. Олардың дені жергілікті өнер мектебінде тәлім алып жүр. Айсұлтан САМАТҰЛЫ, ОҚУШЫ:Домбыраны мен анамнан үйрендім десе болады. Мен мұнда жаңа достар таптым және өзімнің хоббиімді таптым. Өскенде күйші боламын және оны тастамаймын. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
"ҚазАвтоЖол" жолды өзі салып, өзін-өзі бақылайды – депутат
Алматыда Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі өтті
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды