Астанада Арнұр Ысқақовтың "Арбамен арманға" атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Туындыда басты кейіпкердің бастан кешкен бар ауыртпалығы, қиындықтарды еңсеріп шығу барысындағы күш-жігері мен батыл шешімдері суреттелген. Жаңа шығарма оқырмандарды шыдамдылық, адалдық, имандылыққа жетелейді. Автордың айтуынша, кітапты жазып, жарыққа шығаруға небәрі 4 ай кеткен. Айта кетейік, басты кейіпкердің өміріне негізделген фильм де түсірілген. Сүлеймен ОСПАНОВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:Мына кітаптың бірінші бетінен бастап, ортасын бәрің қарағанда ерекше жазылғаны көрініп тұр. Мына жастарға әсіресе, оқырмандарға жүректерінен шығады деген өзім үмітім бар. Арнұр ЫСҚАҚОВ, КІТАП АВТОРЫ, "ҚАНАТТЫЛАР" ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Қазақ тілде осындай мотивациялық кітап шықсыншы деп ниеттеніп осыдан 4 ай бұрын басталған кітап. Күні түні еңбекпен. Бұл жерде имандылық, тәрбиелік. Бұл кітап негізінде 2008 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп тағдырым өзгергеннен кейін жазылып басталынған. Енді енді басы басталып келе жатқан кезде компьютердің үстіне шәй төгіліп кетіп ол ары қарай жалғасын таппай қалды.