Астанада ашық аспан астындағы музей жұмысын бастады

Жазғы маусымға орай Астана қаласында ашық аспан астындағы музей жұмысын бастадыАшық аспан астында орналасқан «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Астана, Алматы, Шымкент секілді республикалық маңызы бар қалалар мен өзге де өңірлер шағын макеттер арқылы көрсетілген.20 жылдан астам тарихы бар мәдени орыннан еліміздегі көрнекті ғимараттар мен өңірлердің табиғатын тамашалауға болады. Кешен Маңғыстау өңірінен басталып, Қызылорда облысынан аяқталады. Еліміздегі 17 облыс, 3 қала және 49 көлді тамашалауға шамамен бір сағаттай уақыт кетеді. «Бүгін «Жанұя» отбасы институын қолдау орталығынан «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориальды кешеніне экскурсияға 100-ден аса көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүгедектігі бар балалар мен ата-аналар келді. Олар еліміздің сәулет өнерімен, тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысты», - деді «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар басшысының міндетін атқарушы Самат Тергембаев. Экскурсоводтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәлімет береді. Мемориалдық кешен күн сайын сағат 9:00 – 18:00 аралығында жұмыс істейді. Әр аптаның дүйсенбісі – демалыс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр