Астанада «Astana Finance Days 2023» конференциясы өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар қаржы әлеміндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бес жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға 70 елден 3 мыңға жуық делегат келді. Қаржы нарғындағы жылдың басты оқиғасы саналатын жиыннан Аружан Задабек ақпарат таратады.Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндігі мол. Бірақ, жаһандық бәсекелестік күннен-күнге артып жатқанын ескерген жөн. Сондықтан әр ел капиталды тарту үшін жаңа тәсілдерді іздеуі тиіс. Конференцияның мақсаты да осы. Жиынға келген қатысушылар қаржы нарығындағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерді іздейді. Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: Бастамаларымыз жана айтып отырған ITS болсын, Табаду болсын, жалпы МФЦА-ны құрудың өзі осы қаржы нарығын дамытуға жасап жатқан іс-шараларымыз. Сондықтан да уақыт қажет деп ойлаймын. Негізі қазір де болып жатқан прогресс, менің ойымша, жақсы. Конференция аясында ITS халықаралық сауда алаңы ашылды. Енді инвесторлар 1500-ден астам акция арқылы сауда жасай алады. Шара барысында Astana International Exchange мен Abu Dhabi Қор биржасы цифрлық сауда орталығына кіру туралы келісімге қол қойды. Бұл инвесторларға лицензияланған брокерлер арқылы тікелей сауда істеуге жол ашады. Андрей ЧЕБОТАРЕВ, САРАПШЫ: Ең бірінші стратегиялық мақсаттарының бірі - халықаралық экспертиза мен халықарылық қор нарығының мәдениетін Қазақстанға әкелу және нарыққа шетелдік инвесторларды тарту. Өз кезегінде, бұл келісім Қазақстандық инвесторларға жаңа мүмкіндіктерді ашады, және нарыққа қатысушыларға арналған құралдарды кеңейтеді.Өткен жылы елдегі экономика 3 процентке өсті. Салалар бойынша оң динамика байқалады. Әсіресе, құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары. Биыл бұл көрсеткішті 5 пайызға жеткізу көзделген.