Көктемнің алғашқы айы басталды. Алайда жайма шуақ ауа райын арқа төсіндегі жұртшылық әлі сезіне алмай отыр. Бүгін Елордада жаңбыр жауды. Қала көшелері көлкіген су. Қар еріп тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Олардың арасында тілшіміз Аружан Задабек те бар.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бүгін таңертең ғана күн жылынып, көктемнің лебі сезілгендей болып еді. Бірақ түс ауа қайта жаңбыр жауып, күн күрт суып кетті. Бүгін мерекелік атмосфера сезіліп, жігіттер қауымынан сыйлық алып, гүл алып мәз боп қалған едік. Бірақ мына ауа райы біраз адамның көңіл-күйіне әсер еткен секілді. Күннің күрт құбылуы жайында алдын ала ешқандай хабарлама таратылмаған. Салдарынан, тұрғындар біраз қолайсыздықтарға тап болдық дейді. Бірі – жаңбырдың астында қалып, малмаңдай су болса, енді бірі жолынан қалған. Араларында мұзға құлап, жарақаттанғандар да бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жаңбыр жауды, су болып кеттік. Мынау қар еріп жатыр, кедергі келтіріп жатыр. Өзімде бүгін қолшатыр алып шықпадым. Үстім су-су. - Тайғанақ.- Хабарландыру болған жоқ. Үнемі хабар беретін. Хабарландыру болмаған соң, адамдар сырт қа шығу, жолға шығу да қиындық болып жатыр. - Аяқтарынан су өтті. Тоңып қалды. Ескерту болмады. Алдағы күндері Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай Атлантикалық циклон болады. Қар аралас жаңбыр жауы мүмкін. Ал елдің оңтүстігінде қатты жел тұрып, көктайғақ күтіледі. Алина ИСМАҒҰЛОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 7 наурызда шығыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал 8 наурызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын - шашын мен қар жауады. Республика бойынша тұман күтіледі. Астанада көктайғақтың кесірінен таңнан бері 100-ден аса көлік апаты тіркелген. Болжам бойынша, алдағы күндері елордада ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді.