Астанада қоғамдық көлікті тізгіндеп келе жатқан жүргізушінің жүрегі тоқтап қалды. CTS көлік компаниясы ақпаратынша қайғылы оқиға бүгін таңертең Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болған. Куәгерлердің айтуынша 62 жастағы жүргізуші есінен танып қалған. Салдарынан ол қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, одан кейін жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Ер адам ауруханаға жеткізілді, бірақ ол есін жимай қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Марат НҰРМАҒАМБЕТОВ, «ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ» ЖШС КӨЛІКТІ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:Жүргізуші медициналық тексеруден өтті. Ол жұмысты кестесіне сәйкес 6:29-да бастады. Бұл жұмыс күнінің бірінші жартысы. Фельдшер оның жағдайын тексерген соң, жұмысқа жіберді.