Елордада қоғамдық көлік картасының төлемді белсендіру мерзімі 15 күннен 30 күнге дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайты.Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді. Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетте 2-3 секунд ұстап тұру керек. Айта кетсек, төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескерген жөн. 30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, төлем жүйемен бұғатталады. Оны қайта іске қосу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына, 109 нөміріне хабарласуға болады. Мамандар төлемді уақтылы белсендіруге шақырады.