Астанада автобуста ұрлық жасаған адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Қаскүнем бұрын бірнеше рет сотталған қала тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда ол ұялы телефондарды ұрлаудың төрт фактісіне қатысты күдікті деп танылды.Тергеу барысында автобуста ер адам жақын тұрған әйелдің күртесінің сыртқы қалтасынан "VIVO" маркалы ұялы телефонын ұрлап, 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды.Басқа жағдайда, сауда орталығының аялдамасында ол қала тұрғынының құны 179 мың теңге тұратын "SAMSUNG S10 Lite" ұялы телефонын ұрлап кеткен.