Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты әйеліне қол көтеріп, отбасылық жанжал шығарған ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды елордалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Сотта анықталғандай, ер азамат мас күйінде жұбайымен жанжал шығарып, оны тұншықтырып, содан соң екінші қабаттан итеріп жіберген. Салдарынан әйелі ауыр жарақат алып, омыртқасы мен өкше сүйегі сынады. Апелляциялық саты сотталушының іс-әрекетінің саралануымен келісті. Сонымен қатар, ол бірінші сатыдағы соттың нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау туралы тұжырымдарымен келісті. Жәбірленуші жарақат алғаннан кейін бөтеннің көмегінсіз өзін-өзі күте алмайды. Үкім заңды күшіне енді.