Әлеуметтік желілерде Астанадағы балаларға арналған шағын орталықтардың бірінде мекеме басшысы мен тәрбиеші мас жүргені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.Жазбада олардың ауруханаға жатқызылғаны (мас күйде) айтылған. Балалар ата-анасына тапсырылды. Елорда полицейлері бұл ақпаратқа түсініктеме берді. "4 шілдеде "102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар бақылаудан шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Келе сала полиция педагогтардың мас екенін растады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", – делінген хабарламада.Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Алматыда тағы бір жекеменшік балабақша рұқсатсыз жұмыс істеп, онда балалар антисанитарлық жағдайда болған.