Астанада балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі өтті

Елордада жасөспірімдерге арналған инклюзивті спорт фестивалі өтті. Шараға дамуында ерекшелігі бар балалар мен олардың достары қатысты. Аталмыш іс-шараны “AMANAT” партиясы ұйымдастырды. Астанада «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды. Жарысқа 150-ге жуық оқушы, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар 50-ге тарта бала қатысты. Санжар СЕРІК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бұл бочча ойыны, мында бір ақ допты қояды. Біз сол допқа доптарды лақтыруымыз керек. Жау ақ допты басып алса үстінен ұшырып түсіру керек. Бұл ойын балаларға қызық, қол ептілігін дамытады. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек атап өткендей, бала құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ өскелең ұрпақ үшін кедергісіз орта құру – партияның сайлауалды бағдарламасы мен «Кедергісіз келешек» жобасындағы басым бағыттардың бірі. Дәулет КӘРІБЕК, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Қазіргі таңда осы инклюзивті ортаға деген, оған қоса өзіміздің азаматтарымызға, жас достарымызға, балаларға деген құрмет және ерекше көзқарас жақсы қалыптасып келе жатыр. Жарыста баршаңыз жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын. Сондықтан да қатысқан әр жас бүлдіршін, әр оқушы менің ойымша жеңімпаз. Cонымен қатар "Тең мүмкіндіктер" фестивалі Қарағанды қаласында да тұңғыш рет ұйымдастырылды. 3 пен 8 сынып аралығындағы оқушылардан құралған он шақты топ түрлі жарыс бойынша өнер көрсетті. Ерекше жобада облыстың бірнеше қаласынан ерекше жандар бас қосты. Нұрислам СЕРІК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біздің командамыз Саран қаласынан... Мен анам үшін жарысып жатырмын, анам қуансын деп. Маған велоспорт ұнайды. Ол аяқты жаттықтырады. Демаласың, жарыстарға велосипедпен барасың. Ешкім де қоғамнан шет қалмауы керек. Әсіресе дамуында ерекшелігі бар балаларды ортаға қосу, қатардан қалдырмау - адамдық міндет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық артып келеді
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды
Әнші Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
«Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі