Астанада балаларымен бірге терезеден секірмек болған әйел құтқарылды

Әйел балаларымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған. Елордалық тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі баласымен әйелдің секірейін деп жатқанын естіген автопатруль оқиға орнына аттанды. Бірінші болып №26 учаскелік полиция пунктінің полиция бөлімшесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғмановпен бірге жетті. Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-шы қабатқа көтерілген полицейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрді. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіретінін айтып айқайлаған. Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп жатқанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, сосын пәтерге кіріп, байқамай жақындап, бір қолымен баланың қолынан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізді. 24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел балаларымен бірге Астана қаласының дағдарыс орталығына орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Биткоин бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
Черчесовпен келісімшарт бұзыла ма?
Қазақстан полициясы қауіпті петардалар туралы ақпаратты жоққа шығарды
"Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім..."
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда
Қазақстандағы валюта бағамдары
Біздің басты парызымыз – тәуелсіздікті сақтап келер ұрпаққа аманат ету
Биткоин құны 106 мың долларға жетті
Алматылық әскери қызметшілер патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Қазақстандық әйел интернеттегі әдіспен емделемін деп ауыр жағдайға душар болған
Алматыны қалың қар басты
Астаналық депутаттар мерекеге орай құттықтау жолдады
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында балыққа барған екі жігіт жоғалып кетті
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қостанай облысында жол қозғалысы шектелді
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Шымкентте газ жабдығы орнатылған көлік өртенді