Астанада бәйгеден Қазақстан Республикасының 5-ші іріктеу туры өтті. Дүбірлі додада еліміздің бірнеше өңірінен 80-ге жуық тұлпар қатысып, «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Жорға жарыс», «Аламан бәйге» бойынша сайысқа түсті. Жарыстың жүлде қоры – 23 500 000 мың теңгені құрады. Бәйге десе делебесі қозатын жанкүйерлер қиқуға басып, шабандоздарға шабыт берді. Бұл келер жылы елімізде өтетін дүниежүзілік көшпенділер сайысына дайындық іспетті. Қанат КӨПБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БӘЙГЕ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ең бірінші біздің алдымыздағы мәселе, бәріміздің ойымыз көшпенділер ойыны. Келесі жылы болады өздеріңіз білесіз. Қыркүйек айында 2024 жылы. Ең мықты шабандоздарымызды дайындаймыз. Біздің ойымызша бірінші орынды алуымыз керек. Бекзат, ШАБАНДОЗ: Мен 8 жасымнан бастап атпен айналысамын. Бүкіл қазақ елін үйреткім келеді өскенде. Бүкіл қазақ атқа мінсе екен деймін. Сондай-ақ, ұлттық киім байқауы өтті. Жеңімпаздарға жалпы көлемі 1 миллион теңге сыйақы табысталды.